Пайғамбар да күйеу баласын сыйлаған.
Белгілі актер, шоумен Нұрболхан Шарапов әлеуметтік желіде қайын жұртын жер-көкке сыйғызбай мақтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Көптен күткен қайын жұртыма бара жатырмын. Қайын жұртқа апарар жол қандай тегіс еді. Кімнің қайын жұртында мынандай тегіс жол бар дейсің? Неге екенін білмеймін өзімен өзі шабыт келіп жатыр», – деп жазды актер.
Шабыты ашылған актер қайын жұртына арнап тіпті өлең де шығарған.
«Пайғамбар да күйеу баласын сыйлаған,
Бұндай құрмет ғажап асыл дінде бар.
Күйеу балам алтын деп қабылдаған.
Дәл осындай қайын жұртым кімде бар?
Білмесеңдер айтайын, тек менде бар!», – деді Нұрболхан Шарапов.