Ажырасайын деп жатқанын, сол кезде ол Қайратпен тұрмайтынын айтты.
Танымал актриса, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімованың үйін тартып алған кәсіпкер Дилара Тәжімбетова оқиғаға қатысты өз шындығын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Кәсіпкер Дилара Тәжімбетова Қайрат Нұртасты сыйлайтынымен, Жұлдыздың әңгімесінен кейін оған деген көзқарасы өзгергенін атап өтті.
"4 сағат 10 жылда өмірі қалай өткенін айтты. Мен бұрын Жұлдызды танымағанмын, білмеймін. Қайратты иә, жақсы көреміз, сыйлаймыз, сүйікті әншіміз, еліміздің азаматы, солай деп білеміз әрқашан.
Бірақ Жұлдыздың айтқан әңгімесінен кішкене шокта болдым, қорқып кеттім. Ажырасайын деп жатқанын, сол кезде ол Қайратпен тұрмайтынын айтты", — деді Дилара Тәжімбетова.