$ 515.97  537.8  5.25

«Адиктен айырылып қалдық»: Баян Мақсатқызы күйеу баласының қазасы туралы хабарлады

Әділжан Юсупов – отандық музыка индустриясында өз орнын қалдырған танымал продюсер.

Скриншот: gakku.tv: UGC
Скриншот: gakku.tv: UGC

Танымал әнші, музыкалық продюсер Бағым Мұхитденованың жары Әділжан Юсупов дүниеден өтті , — деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы белгілі продюсер Баян Мақсатқызы желіде жазды.

«Бүгін біз Адиктен айырылып қалдық. Сен сондай жақсы адам, жақсы әке, жақсы жар, жақсы дос бола білдің. Біз сені жақсы көреміз және кеудеміздегі жанымыз соғып тұрғанда сені ешқашан ұмытпаймыз. Иманды бол!», - деп жазды Баян Мақсатқызы стористе.

Әділжан Юсупов – отандық музыка индустриясында өз орнын қалдырған танымал продюсер. Ол дарынды әнші, продюсер Бағым Мұхитденованың күйеуі. Ерлі-зайыптылар 1997 жылы танысып, 2001 жылы отбасын құрған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 19
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары