07.02.2025, 23:30

«Қайта оралуға болмайтын адамдар бар»: Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасы жұртты ойландырып қойды (ВИДЕО)

Фото: instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Жолдар бар, жалғыз жүріп өтетін.

Әнші Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бір шумақ өлең оқып, жұртты ойға салып қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Жолдар бар, жалғыз жүріп өтетін, Сәттер бар, соңғы нүктені қоятын, Жағдайлар бар, қоштасуға тура келетін, Адамдар бар, қайта оралуға болмайтын», - дейді актриса.

Өнер иесінің бұл жазбасын желі қолданушылары отбасындағы жағдаймен байланыстырып, түрлі пікір қалдырды. Бірі актрисаға жаны ашып, қолдау білдірсе, бірі істеген ісінің дұрыс еместігін айтады.

«Мықты бол, әр сүрінгеннен қайта тұрып, жүруге қақың бар», «Сөз төркінін түсінетін адам түсінді», «Үйді жаныңыздан босатыңыз. Жабыспаңыз», «Түсінген жанның жүрегін тіліп өттің-ау», «Қайрат, қош бол! Жұлдыз сен мықтысың», «Жұлдыз, сен бұл сынақтан әлі-ақ өтіп кетесің», - деп жазды желі қолданушылары.