$ 511.18  530.6  5.28

«Елдің дархандығы болар»: немересін қырқынан шығарған Роза Әлқожа сыйлыққа көміліп қалды (ВИДЕО)

Бесігіміз тербетіле берсін!

Фото: https://www.instagram.com/roza_alqozha
Фото: https://www.instagram.com/roza_alqozha

Белгілі әнші Роза Әлқожа тұңғыш немересін қырқынан шығарып, мәре-сәре болады. Әншіге қонаққа келгендер немересінің құрметіне  «қойын, майын, көйлек шапанын» сыйға тартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Салтанат Айбергенова апам құттықтап шығам деген соң Әселді әңгімелесіп отырайық деп шақырып, екі адамға лайықтап ет салып отырғанбыз. Сөйтсек, ар жағында Малика деген жеңешемнің тосын сыйы бар екен. 

Аяқ астынан кіріп келіп, қойын, майын, көйлек-шапанын көтеріп келетін бұл біздің елдің дархандығы болар?!», – деді өнер иесі.

Әнші немересінің қарын шашын  ырымдап Салтанат Айбергеноваға шашын қидырған екен. 

«Бөпемізді кіші қырқынан шығарып, Салтанат апасындай ғалым болсын деп ырымдап шашын алғыздық. Әбдірахманның әжесінің бұл күндегі әуресі өзіне ұнап жүр. Бесігіміз тербетіле берсін! Келеріміз де, барарымыз да көп болсын!» – деп жазды әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 4
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары