Қыздар, бұл шынымен іске асады, естеріңде болсын!
Әлеуметтік желіде танымал блогер Мерей Абилова болашақ жарын қалай өміріне жақындатқанын айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, ол тұрмысқа шықпас бұрын «армандар картасын» жасаған. Түбінде сол арманы 100 пайыз орындалған.
«Архивты қарап осы видеоны тауып алдым. Алладан бәтеңкенің бауына дейін сұра демекші, барлығын айтыппын. Айтып қана қоймай, болашақ жарым қандай болатынын елестететін едім. Армандар картама жабыстырып, түріне дейін фотосын жабыстырып тастаушы едім. Тіпті тойымыздың қалай өтетіні, ұсыныс қалай жасалу керегіне дейін көз алдыма елестеттім. Бәрі айна-қатесіз орындалды. Менің мына айтқан талаптарыма сай болса, ол демек, онсыз да бай жігіт деген сөз. «Европаға кеттік» деп аяқ астынан жолға шыға салатын жағдайы бар болуы керек. Ата-анасы заманауи көзқараста болса деп армандадым. Қыздар, естеріңде болсын! Бұл шынымен іске асатын дүние», – деді блогер.