Мен Димашты өте жақсы танимын және ол Қытайда өте танымал әнші.
Қытайлық Li Yimei есімді танымал блогер отандасымыз, әйгілі өнерпаз Димаш Құдайбергенмен қалай танысқаны туралы баяндап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Ол әншімен бір бағдарламада жұмыс істеген және оған Димаш домбыра сыйлаған.
"Бәріңізге сәлем! Менің есімім — Li Yimei. Мен Димашты өте жақсы танимын және ол Қытайда өте танымал әнші. Өйткені Димаш Қытайдағы музыкалық телешоулар мен бағдарламаларға жиі қатысады. Ол керемет әнші және оны көптеген адам жақсы көреді", - дейді блогер.
Li Yimei Димаш қатысқан, күзгі фестивальге арналған телебағдарламаны жасау құрметіне ие болғанын мақтанышпен жеткізді.
"Бағдарлама кезінде біз көп әңгімелесіп, бір-бірімізді жақынырақ таныдық. Ол тіпті маған қазақтың ұлттық аспабы — домбыраны сыйлады.
Сүйікті досымыз Димаш Құдайбергеннің арқасында мен қазақ халқының мәдениетімен таныспын", - дейді қытайлық блогер.