Жолдан торт немесе балалардың жақсы көретін тәттісін ала барыңыз.
Жұлдыз Әбдікәрімова дінімізде қасиетті күн саналатын жұмада сауап алуға қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Актрисаның айтуынша, отбасымен бірге уақыт өткізгеннен асқан сауап жоқ.
«Жұма күні мешіттер лық толып, жамағатпен оқылатын намаздың сауабынан құр қалмауға тырысатыныңыз түсінікті. Алайда, сауаптың көкесі мынада. Кешке жұмыс біте сала үйіңізге, отбасыңызға асығыңызшы. Барлық шаруа күте тұрсын. Жұмадағы кешкі асты үйден ішіңіз. Жолдан торт немесе балалардың жақсы көретін тәттісін ала барыңыз. Ештеңеге, ешкімге қабақ шытпай, үлкенге де, кішіге де махаббатпен қараңыз. Отбасыңа бөлген уақыт пен көңілден асқан сауап жоқ шығар. Өзім сауаптың көкесі осы деп білемін», — деп жазды ол.