15.02.2025, 06:30

«Байдың ақшасына қарама!»: Роза коуч жұмыс істемейтін әйелдерге ұрысты (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/roza.coach

Пособияға, байдың ақшасына қарап, ай сайын соны күтіп отыру — жалқаулық!

Желі жұлдызына айналған коуч әрі блогер Роза Әшірбаева күйеуінің мойнына мініп алып, үйде отыратын, ақша таппайтын әйелдерге ұрысты, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

«Мен күйеуге тиіп, ешқашан жұмыс істемеймін дейтін әйелдерді түсінбеймін. Сен мақтабассың! Қазіргі кезде дағдарыс орталықтарында жүрген әйелдердің көпшілігі жұмыс істемейді. Ол не үшін дағдарыс орталығында? Өйткені, оның күйеуі оны үйден қуып жіберген кезде оны бала-шағасымен ешбір туысқаны, досы ешкім оны қабылдаған жоқ. Ешкім қабылдаған жоқ, қабылдамайды да. Сен өзіңді өзің асырай алмайсың. Осы 3 нәрсе әйелден ешқашан бас тартпайды. 3 нәрсе сені үйден қуып шықпайды. 3 нәрсе көзіңе шөп салмайды. Ол сенің өзіңнің пәтерің, сенің ақшаң және сенің жұмысың», — деді коуч.

Желі оқырмандары блогерді қолдады.

«Еркекке сенгенше екі босағаңа сен деген атам қазақ», «Ешқашан күйеуге сеніп отырмау керек, өмірде түрлі жағдай болады. Біз өсіп тұрған шақта әкеміз өмірден озған, сол сәтте анама қиын болды», «Дұрыс! Әйел ақша табу керек. Бес минуттан кейін нендей нәрсе болатынына кепілдік жоқ. Кез келген уақытта өмір сүріп, бала-шағаңа ақша тауып бере алатындай болуы керек әйел. Пособияға, байдың ақшасына қарап, ай сайын соны күтіп отыру — жалқаулық! (Бұл сөзім баласы кішкентай келіншектерге қатысы жоқ.) Өмір бар жерде өлім бар, егер ер адам қайтыс болса немесе ажырасып кетсе, болмаса еркек адам жұмысқа жарамай қалса не істейді сонда? Соны ойлау керек!», — деп көпшілік жаза жөнелді.