Көбінде орысша мен ағылшынша сөйлеседі.
ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің жиі орысша сөйлейтінін растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі қызының қазақтар аз жұмыс істейтін компанияда қызметкер екенін айтты.
“Жұмысында қазақтар аз. Көбінде орысша мен ағылшынша сөйлеседі. Үйде ғана қазақша сөйлесеміз. Қыз түгілі менің өзім де кейде орысша сөйлеп кетемін. Ауру қалса да, әдет қалмайды. Ең бастысы 99 % қазақша сөйлейміз”, – деп жазды әнші.
Одан кейін әнші қызының басқа салада еңбек ететінін айтып, сахнаға шыққысы келмейтінін жасырмады.
“Мерейдің ән айту – хоббиі. Сахнаға шыққысы келмейді. “Мама, сіз сияқты ұшып-қонып жүре алмаймын. Жол жүруден шаршаймын. Әнші болмаймын” деді. Қазір бір компанияда ағылшын тілінен аудармашы болып жұмыс істейді. Сырттай оқуын жалғастырып жатыр”, – деп жауап қатты халық әртісі.