$ 502.47  525.83  5.68

Қайрат Нұртастың анасы келіндерін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Ертең өз келіндері де осылай күтетін шығар. 

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өзіне келіндерінің қалай құрмет көрсететінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Келіндеріме айтқанмын ғой, әзілдеп “Егер де мені шын сағынсаңдар, дастархандарыңнан білемін” деп. Әзірге қолдан ыстық нан, бауырсақ, шайды қолдың сүтінен бастап, салаттарға дейін өздері дайындап күтіп жүр. Лайым осы қалпынан таймасын деп тілейік”, – деп жазды продюсер.

Еске салсақ, бұған дейін ол келіндеріне үй тірлігінен бастап, бәрін үйреткенін айтқан. 

“Келіндерді қолдан нан жабуға, етті сүрлеп, иісін бұрқыратып асып қоюларына о бастан үйретіп тастаймын. Ертең өз келіндері де осылай күтетін шығар. Қай жаққа кетсем де, осы сәтті сағынамын. Отбасымен ыстық ұямызда жиналып, қалған бар талқылауды ақылдасамыз”, – деп жазды продюсер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары