$ 502.47  525.83  5.68

«Сторисіне «смайлик» жібердім»: Жахан Отарғалиев қазіргі әйелімен қалай танысқанын баяндады

Бұл туралы актер журналист Зарина Мүсілімге берген сұқбатында айтты.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Жуарда ғана шаңырақ көтерген актер Жаһан Отарғалиев келіншегімен қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы актер журналист Зарина Мүсілімге берген сұқбатында айтты.

Айтуынша, ол ажырасқаннан кейін терең күйзелісте болған және қажылыққа барған кезде Алладан өзіне жақсы жар тілеген. Актер қазіргі жұбайымен таныспас бұрын оған бір жанашыр танысы ол туралы айтқанын жеткізді. Артынша ол болашақ жұбайын желіден көріп, онымен тілдесуге тырысыпты.

"Оның сторисіне "смайлик" жібердім. Ол да оған жүрекше басып, жиі. Амандастым да: "Күйеуге шығуға ниетіңіз бар ма?", - деп жаздым. Тәуекел жасайыншы деп осындай бір тәуекелге бардым. Ол: "Аға, қатты асығып тұрсыз ба?", - деп жауап берді. Осылайша, нөмерін алып, кездесуге шақырдым... Екінші кездескеннен кейін, жүрегімде тыныштық орнады. Болды, менің адамым деп ойладым. Екеуімізде үлкен адамбыз, ашық сөйлестік. Бас-аяғы үш рет кездескеннен кейін, оған ұсыныс жасадым", - деп баяндады ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары