20.02.2025, 17:00

«Жұлдыздарды «крайний» қыла салу оңай»: Актриса «салық төлемеген» блогерлерді жақтады

Фото: instagram.com/ainur_ilyasova

Биліктегілер халықты алдау үшін түрлі айлаларға барып жатқаны да белгілі.

Актриса Айнұр Ильясова желіде тарап жатқан салық төлемеген блогерлердің тізіміне қатысты пікір білдірді, Оның пайымдауынша,біздің қоғамда кез келген жағдайда блогерлер мен өнер адамдарына кінә тағу түк емес, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Мына тізімді көріп бір күліп алдым. Халық ақымақ емес, және жылдан-жылға олардың көздері ашылып жатыр. Биліктегілер халықты алдау үшін түрлі айлаларға барып жатқаны да белгілі, бәрі НДС тақырыбын жабу үшін жасап жатқан көзбояушылықтары ғой. 20 ақпанда Мәжіліске түзетулерге кететінін естеріңізге сала кетейін.

Блогер, жұлдыздар үнемі халық алдында жүргеннен кейін, қызыл көз сияқты, кез келген жағдайда, бірден «крайний» қыла салу оңай ғой. Оны талай көріп жүрміз. Тіпті сатира үшін Темірланды 7 жыл күтіп тұр. Бізде қазір сөйлеу түгілі, демалуға (дышать) болмайтын жағдай болып кетті ғой… өкінішті…

Бұл “көташарды” шенеуніктерге жасаса…

Қалай дегенмен бәрі өз қолымызда екеніні еске алған жөн. Бұл елді өзгертетін өзіміз ғана. Сондықтар біреудің «ФАС» дегеніне шаппай ақыл қосайық…

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты 

Қырандай күштi қанатты.

Мен жастарға сенемiн!

Мағжан Жұмабаев!», — деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.