21.02.2025, 06:30

«Жаратушыға жақындадым»: Атышулы Айжан Байзақова орамал тағып, мешітте жүр (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/bayzakova

Мықты ердің жанында кез келген әйел гүлдене түседі.

Атышулы блогер Айжан Байзақова әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуімен бірге мешітке барған сәтін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Алланың рақымына апаратын махаббат – махаббаттың төресі. Түзу жолға жетелейтін жандарды сүйіңіз. Айтпақшы, мені жаратушыға жақындатқан – Нұрбек», – деді блогер.

Желі қолданушылары оны қолдап, жақсы жар жақсылыққа жетелейтінін жазуда.

«Мықты ердің жанында кез келген әйел гүлдене түседі», «Сізге орамал сондай жарасады», – деп желі қолданушылары жаза жөнелді.