Менің өмірімде жаңа кезең басталды.
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сот процесі аяқталған соң жаңа өмір басталғанын мәлімдеп, жазылушыларынан көмек сұрады, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қайрат Нұртастың жары істің әділ шешім табатынына сенетінін айтып, болашаққа қатысты жағымды жаңалықтармен бөлісуге уәде берді.
«Менің өмірімде жаңа кезең басталды. Алда бөлісетін көптеген жақсы жаңалықтар бар», – деді ол.
Желі қолданушылары актрисаның жаңа үйге көшуге дайындалып жатыр деп болжады. Өйткені Әбдікәрімова жазылушыларынан интерьер дизайны, жөндеу жұмыстары мен жиһаз өндірісі бойынша сенімді компанияларды ұсынуды сұрады.
«Енді маған қызық тақырып, ремонт, дизайн интерьера…өйткені жөндеу жұмыстарына дайындық», – деді әртіс.