Бұл қыздың есімі – Бинура.
Әлеуметтік желілерде Абу-Дабиде өткен Дженнифер Лопестің концерті кезінде болған қызықты сәттің видеосы тарады. Кадрларда сахнаға жақындай түскен бойжеткен әйгілі әншімен әңгімелесіп, өзінің Қазақстаннан екенін айтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл қыздың есімі – Бинура. Концерт барысында Лопес көрермендермен тілдесуді ұйғарып, залда отырғандардың біріне сұрақ қояды. Сол сәтте сахнаға жақындаған әдемі қыз әншінің назарын өзіне аударады.
Лопес:
— Сен қайдансың? – деп сұрайды.
— Мен Қазақстаннанмын, – деп жауап береді Бинура.
Бұл жауапты естіген Лопес ерекше қуанып:
— Ол Қазақстаннан екен! – деп көпшілікке жариялайды. Содан кейін ол қыздың есімін сұрайды.
— Бинура!
Алайда, әнші бұл есімді бірнеше рет қайталап көргенімен, оны айтуда біраз қиналады. Дегенмен, бар күшін салып, дұрыс айтып шығады.
— Қазақстаннан, қош келдің! Мен тырыстым, тоқтамадым, өте қиын екен. Бинура! Мен сені жақсы көремін! – деп сахнадан айқайлаған Лопес көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.