$ 502.47  525.83  5.68

«Ерлер қызықты»: Жахан Отарғалиевтің қазіргі әйелі түрін неге көрсетпейтінін айтты (ФОТО)

Оқырмандары одан неге бетін жауып отыратынын сұраған.

Фото: seit.aktolkyn инстаграм парақшасынан
Фото: seit.aktolkyn инстаграм парақшасынан

Желі қолданушылары Жахан Отарғалиевтің әйелі деп топшылаған Ақтолқын Сейіт өзінің бет-әлпетін неге көрсетпейтінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқырмандары одан неге бетін жауып отыратынын сұраған.

«Бұл көпшіліктің қоятын сұрағы. Инстаграмда түрімді көрсетпеймін бұл менің саналы таңдауым, оған келгеніме шамамен 3 жыл болды.

2022 жылы бір видеом 5 миллион қаралым жинап, басқа елдерге тарап кетті. Сол кезде бөгде ер адамдар менің фотомды көшіріп алып, үстіне нашид қойып маған жібере бастады. «Қандай сұлу» деп қызығып, түрлі хабарламалар жазды. Бұл жағдай мені қатты жайсыз күйге түсірді, содан кейін осындай шешім қабылдадым», — деді ол.

Сонымен қатар, дінімізде қыз баланы бөгде ер адамдар көрмегені абзал екенін де жаза кеткен.

Айта кетейік, желі қолданушылары Сейіт Ақтолқынның киіміне қарап, әзілкеш Жаханның үшінші әйелі деген тұжырымға келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 5
Күлкілі 6
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары