Уақыты келген сияқты...
Танымал айтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева желіде оқырмандарымен бұрын еш жерде айтылмаған құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақын бұл туралы өзінің жеке парақшасында мәлімдеді.
«Сіздерге ешқашан айтпаған бір құпиямды ұят та болса айтайыншы… Уақыты келген сияқты», - деп жазды ол.
Оның айтуынша ол өзінің курс бағдарламасына Ораза айы себеп болған екен. «Негізгі екі шарты ешкіммен ұрсыспау, садақа беру» деп бөлісті айтыскер ақын.