$ 502.89  527.03  5.71

«Қарапайым да ұлы адам…»: Жұлдыз Әбдікәрімова Дулат Исабековке жазба арнады

Жұлдыз Әбдікәрімова студент кезінде Дулат Исабековтің туған жері Арыс қаласында спектакль қойғанын еске алды.

Фото: Әбдікәрімованың жеке архиві (2005 жыл)
Фото: Әбдікәрімованың жеке архиві (2005 жыл)

Отандық актриса, кинопродюсер Жұлдыз Әбдікәрімова марқұм жазушы Дулат Исабековті еске алып, оның қарапайымдылығы мен ұлылығын дәріптейтін 20 жыл бұрынғы естелігімен бөлісті, деп хабарлайды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ұлылық – қарапайымдылықта. Бірақ, қарапайымдылықтың барлығы ұлылық емес», – бұл тәмсілді актриса 17 жасында, репетициялық сахнада тұрып, Дулат Исабековтің өз аузынан естігенін айтты.

Әбдікәрімованың сөзінше, Дулат Исабеков оның ұстазы Байтен Омаровпен жақын дос болған және шығармалары сахналанғанда репетицияларға өзі қатысып, әр актердің ойынын мұқият бақылайтын.

«Кішкентай рөл жоқ, кішкентай актер ғана болады» деген ұстаныммен жас актерлерге әрдайым қолдау көрсеткен.

Жұлдыз Әбдікәрімова студент кезінде Дулат Исабековтің туған жері Арыс қаласында спектакль қойғанын еске алды. Сол сапарда жазушының үйінде құрметті қонақтарға арналған дастарқан жайылып, ас берілген.

«Келген сыйлы қонақтар кірсін деп, біз, студенттер, шетте тұрдық. Бірақ Дулат аға: «Мына жиналған жұрт сендердің, яғни актерлердің өнерін тамашалауға келді. Сендерден сыйлы ешкім жоқ. Төр – сендердікі. Кіріңдер ішке!», – деп бізге ерекше құрмет көрсетті.

Жұлдыз Әбдікәрімова Дулат Исабековтің әр сөзі мен кеңесі мәңгі жадымда қалатынын айтып, оның қарапайымдылығы мен ұлылығына бас иді.

«Бұл ұлт деңгейіндегі руханиятымыз үшін ауыр қаза. Қазақ еліне, әдебиет әлеміне, марқұмның отбасына, өзі тәрбиелеген шәкірттеріне қайғырып көңіл айтамын. Бақұл болыңыз, қарапайым да ұлы адам…», — деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары