$ 502.89  527.03  5.71

«Жаңалық айтайын ба?»: Алты жас үлкен әйелінен ажырасып кеткен әнші қайта табысқан (ФОТО)

Желі қолданушылары қос ғашықтың бірге екеніне қуанып, түрлі пікір жазды. 

Фото: жеке парақшасынан
Фото: жеке парақшасынан

Өзінен алты жас үлкен әйелге үйленіп, кейін ажырасып кеткен танымал жас әнші Ринат Шамшырақ визажист Аружан Төремен қайта қосылған, - деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аружан Төре TikTok парақшасындағы жазбасында Ринатпен қарым-қатынастарының бұзылғанын айтқан еді. Ал бүгінде қос ғашықтың қайта бірге екені белгілі болды. 

"Жаңалық айтайын ба? Әлде естіп қойдыңыздар ма? Біз демалыстамыз, бәрін білетін сияқтысыздар айтпасам да болады екен", деді Аружан Төре. 

Сонымен қатар, визажист күйеуінің жаңа әнін жариялап, ажырасып кеткенде өзіне арнап жазғанын ашып айтты. 

Желі қолданушылары қос ғашықтың бірге екеніне қуанып, түрлі пікір жазды. 

"Қосылғандарыңа қуаныштамын", "Бақытты болыңдар", "Ешкімнің сөзіне ермеңдер, жүрек қалауларыңды тыңдаңдар", "Дұрыс, енді жұптарың ажырамасын", - деп жазды олар. 

Айта кетейік, Ринат Шамшырақ өзінен 6 жас үлкен, бір баласы бар келіншекті жар еткен болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 16
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары