Танымал әнші өткенін еске алып, әсерлі жазба қалдырды.
Қарақат Әбілдина жас кезін сағына еске алып, 25 жасында түсірілген фотолар топтамасын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Кеше ғана бәйшешек гүлдей едім,
Күнге қарап көктемде күлген едім
Бүгін мүлде өзгеше күйге енемін…», – деп жазды әнші.
Әншінің оқырмандары өткен жылдар оның табиғи сұлулығына дақ түсірмегенін айтып, мақтап жатыр.