$ 498.69  522.23  5.79

«Кішкентай қыздарыма асықтым»: Баян Алагөзова елге оралды

Бұған дейін Баян Алагөзова 25 жылдан бері қыс мезгілінде ауруханаға жататынын айтқан.

Фото: bayanmaxatkyzy инстаграм парақшасынан
Фото: bayanmaxatkyzy инстаграм парақшасынан

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы қыста денсаулығына байланысты шетелге көшіп кеткен еді. Енді ол Қазақстанға қайтып келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шоу-бизнестің майталманы екі қызын алып, Дубайға қоныс аударған еді.

«Үш ай өте шығып, елге келдік. Тіпті, көлік жүргізуді ұмытып қалыппын. Дубайға көшіп кеткен едік. Желтоқсан айында бір келіп кеттім. Өйткені осы жақта киноларыма қатысты шаруаларым болды. Тез келіп, тез кеттім. Ол жақтағы кішкентай қыздарыма асықтым. Енді міне, күн жылынып жатқанда қайтып келдім. Жалпы, жылдың алты айында шетелде, алты ай елде боламыз. Қыздарым әлі ештеңені түсініп жатқан жоқ. Тау қайда, теңіз қайда екенін білмей жатыр. Бірақ елге оралғанымызды сезеді», – деді продюсер. 

Еске салсақ, бұған дейін Баян Алагөзова қазақстандық дәрігерлердің қатесінен дұрыс ем қабылдамағанын, 25 жылдан бері қыс мезгілінде ауруханаға жататынын айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары