Мені өзіңмен салыстырма.
Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің әйелі, блогер Фариза Алмаз жеке өміріндегі соңғы жаңалықты бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желі жұлдызы таңғы 4-те бұрынғы күйеуінің жазған хатын жеке парақшасында жариялады. Актер балаларының анасының үйсіз жүргенін бетіне басқан.
“Өзіңнің үйің жоқ, күйің жоқ жүрсің. Әке-шешеңмен біргесің. Мені өзіңмен салыстырма. 100 миллион теңгелік үйім бар”, – деп жазған актер.
Еске салайық, Нұрсұлтан Жақсыген эфирде бұрынғы әйелінен кешірім сұрап, қоңырау шалған еді.
“Отбасын сақтап қалу – әрбір ер-азаматтың міндеті. Қателескен жерлерім болса, кешірім сұраймын. Халықтың алдында, өз ата-анамның, ол кісінің ата-анасының алдында кешірім сұраймын. Алла қаласа отбасымды сақтап қалуға бар күшімді салуға тырысамын", – деп жан сырын ақтарған еді киножұлдыз.