27.02.2025, 06:30

«Көлік сыйлау сәнге айналды»: Блогер әкесіне үшінші рет қымбат көлік сыйлады (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынды

Бізге де бұйырсын!

Таяуда ғана белгілі әнші Әли Оқапов сүйген жарына көлік әперген еді. Енді блогер Жансерік Қадырбаев осымен үшінші рет әкесіне көлік сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Енді, Алла қаласа, жұмысқа да, тойға да анам екеуіңіз бірге барарсыздар», – деп блогер әкесіне көлік кілтін ұсынды.

Танымал кісілерді бірінен кейін бірі жақындарына көлік сыйлап жатқандарына жұрт таңданысын жасырмады.

«Көлік сыйлаудан жарыс өтіп жатыр ма?», «Бізге де бұйырсын», «Бір-бірімен жарысып, мақтаныш үшін істеп жатыр», «Неге елге көрсетіп сыйлау керек?», – деп желі қолданушылары жаза жөнелді.