27.02.2025, 16:00

Танымал әнші зейнеткерді қағып кетті

Фото: inbusiness.kz

Ол соңғы бір жылда 32 рет жол ережесін бұзған көрінеді. 

Ресейлік әнші Александр Буинов Мәскеу облысында жаяу жүргіншілер өткелінде зейнеткерді қағып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Liter.kz-ке сілтеме жасап.

Mash Telegram арнасының хабарлауынша, оқиға 26 ақпан күні кешке Мәскеу облысының Наро-Фоминск ауданында болған. Әншінің Lexus LX 570 жол талғамайтын көлігін тізгіндегені айтылады. Белгілі болғандай, әнші жаяу жүргіншілер өткелінде жолдан өтіп бара жатқан 61 жастағы әйелді қағып кеткен. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.

Айта кетейік, басылым Буйнов соңғы бір жылда 32 рет жол ережесін бұзғанын жазды.

Әншінің өзі бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.