Ерке Есмахан тұрмысқа шыққаннан кейін өнерден аз уақытқа қол үзіп қалғанын жасырмады.
Танымал әнші Ерке Есмахан оқырмандарымен сырласып, бірнеше сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесінен желі қолданушысы үлкен үйлеріне қашан қоныс аударатындарын сұрады.
“Сол вилламыз әлі салынып жатыр. Жөндеу жұмыстарын да бастамадық. Шыдамай дайын үй ала саламыз ба деп отырмыз”, – деп жауап берді әнші.
Одан кейін кезекті оқырман өнер иесінен қанша көмекшісі барын білгісі келді.
“Үй қызметшісі, бала күтуші және көлік жүргізушісі бар. Тек аспаз жоқ. Өйткені, күйеуім мен жасаған тамақты ғана жақсы көріп жейді. Өзім де дәмді тамақтар әзірлегенді жақсы көремін. Ерінсем тапсырыс бере саламын”, – деді эстрада жұлдызы.
Айта кетейік, Ерке Есмахан тұрмысқа шыққаннан кейін өнерден аз уақытқа қол үзіп қалғанын жасырмады.
“Құндылықтарым өзгерді. Әншілік жолымда бір-екі жоспар бар. Босанып алған соң кірісемін. Өмір бойы ән айтып жүремін деген ниетім болған жоқ, болған да емес”, – деп жазды өнер иесі.