Видеода ол ұлы мен қызының туған күндерін шатастырып, дұрыс жауап бере алмай, ақырында әзілмен құтылғанын көруге болады.
Танымал әнші Қайрат Нұртас балаларының туған күнін есіне түсіре алмай қиналған сәті әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды. Видеода ол ұлы мен қызының туған күндерін шатастырып, дұрыс жауап бере алмай, ақырында әзілмен құтылғанын көруге болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бейнежазбада әншінің қызы әкесінен: «Әке, менің туған күнім қашан?» – деп сұрайды. Алайда Қайрат нақты жауап бере алмай, керісінше, ұлы мен қызынан бір-бірінің туған күнін сұрап, есте сақтаған күндерін шатастырып алады. Соңында күліп: «Мен тек Жұлдыздың туған күнін білемін» – деп әзілдейді.
Желі қолданушылары бұл сәтті әзілге айналдырып, «Өзіміз сияқты екен ғой!», «Барлық әкелер бірдей ме?», «Жаттасаңшы, Қайреке!» – деген пікірлер қалдырды.