$ 499.11  521.12  5.58

«Мынадай сыйлық аламын деп ойламадым»: Димаш Құдайбергеннің әжесі Мақпал Жүнісоваға құнды сый жасады (ВИДЕО)

Ақ жаулықты аналарымыз аман болсын!

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

ҚР Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің әжесі Миуа Айтбаева әнші Мақпал Жүнісоваға қымбат сыйлық берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі ”Жан анам” концертіне қатысты. 

“Димашжанның әжесінен алтын сақина тағып барамын. Ақ жаулықты аналарымыз аман болсын! Түн тыныштығын берсін!”, – деп жазды әнші. 

Халық әртісі жанды дауыста ән салып рақмет айтты. 

“Мынадай алтын сақина таққасын бірауыз бірдеңе айту керек шығар?!”, – деп халық әні “Сәулем-айды” орындады. 

Желі қолданушылары естен кетпейтін тамаша сәтті талқылап жатыр. 

“Адамгершілігі, кішіпейділігі мол жансыз! 100 жасаңыз! Халқыңыз сізді жақсы көреді”, Шынайылығыңызбен халықтың махаббатына бөленіп келе жатырсыз ғой, өнеріңіз бен мінезіңіз қандай гармонияда ғой, Мақпалжан!”, – деді көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 27
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары