04.03.2025, 12:40

«Еркенің көңілі орнына түскен шығар»: Раймның бұрынғы сүйіктісі күйеуге шығуға ұсыныс алды (ФОТО)

Фото: әлеуметтік желі

Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.

Әнші Раймның бірнеше жыл бірге болған бұрынғы сүйіктісі Наргиза Рамазанқызына болашақ күйеуі сөз салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Наргиза қуанышты жаңалығын желідегі парақшасында жүктеді.

«Әдеттегіде кеш болған. Бірақ ұмытылмас күнге айналды», — деді қалыңдық.

Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.

«Раймға ұқсайды», «Ерке тартып алмасын», «Наргиза да бақытты болуға әбден лайық», «Бұл қыздың бақытын барлық Қазақстан күтті», «Ерке Есмахан қуанған шығар, Наргизадан Раймды қызғанады ғой», «Бақытты бол», деп жазды олар.