$ 499.11  521.12  5.58

«4 мың теңге айлықты қанағат тұтқан»: Ләйлә Сұлтанқызы анасына жантебірентерлік жазба арнады

Бұл әлемнің бар жақсылығына лайық! Рақмет сізге!

 

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/
Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап, жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

БАҚ өкілі анасының көрген бейнетін оқырмандарына айтып берді. 

“Менің жұлдызым. Қайта құру кезеңін көрген. Ала дорба арқалап, шетел асқан.
Енесімен базарда нан мен шемішке сатқан. Пошташының 4 мың теңге айлығын қанағат тұтқан. Сырқат күйеуін әрқашан қолдай білген. 4 баланы жеткізген нәп-нәзік менің анам. Бұл әлемнің бар жақсылығына лайық! Рақмет сізге!”, – деп жазды журналист. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары