Бұл ретте ол жанкүйерлерінен өз әсерлерімен бөлісуді сұрап, олардың қолдаулары үшін алғысын білдірді.
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 2025 жылғы 5 наурызда жанкүйерлерін жағымды жаңалықпен қуантты. Ол жақын арада су жаңа туындысының жарыққа шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Love Is Not Over Yet әннің премьерасы 7 наурызда барлық музыкалық платформаларда, ал бейнеклип Димаштың YouTube арнасында жарияланады.
Әншінің айтуынша, роликті Астана уақытымен 20:00-ден бастап көруге болады. Бұл ретте ол жанкүйерлерінен өз әсерлерімен бөлісуді сұрап, олардың қолдаулары үшін алғысын білдірді.
"Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - деп қосты әнші.