06.03.2025, 17:00

«Салауатын үзбейді»: Актер Нұрсұлтан Жақсыген сүйіктісін көрсетті

Фото: www.instagram.com/zhaksygen_n

 Өнер иесі дін жолына түскен, орамал таққан бойжеткеннің фотосын көрсетті. 

 

Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыген жеке өміріне қатысты жаңалықты жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  

Өнер иесі дін жолына түскен, орамал таққан бойжеткеннің фотосын көрсетті. 

“Ғашық болудан адам шаршамайды. Ләззат алады. Салауатын үзбейді, ең бастысы”, – деп жазды актер. 

Одан кейін “Бұрынғы әйелін тез ұмытты” деген оқырман пікіріне де жауап жазды. 

“Қараңғыда жарық шам жағып келген жанды бағала. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақыты бітті. Пойыздан түсіп қалды”, – деді киножұлдыз.