07.03.2025, 10:40

«Қазақтарға басқаша қарайды»: Жазира Байырбекова бет әрлеушінің әрекетіне ашуланды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Оның айтуынша, әншінің бұлай ашуланып, сөзге келуі өте сирек кездесетін жағдай.

Әнші Жазира Байырбекова бағдарлама түсірілімі алдында бет әрлеушінің әрекетіне ашуланып, жұмыстағы мұндай бассыздықты бірінші рет көріп тұрғанын жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оның айтуынша, әншінің осылайша ашуланып, сөзге келуі өте сирек кездесетін жағдай. 

«Екі жылда бір болатын шығар, бірақ осы бағдарлама түсірілімінің алдында бет әрлеушімен сөзге келдік. Орыс визажист қазақтар келсе басқаша қарап, маған «бетіңізді жақындатыңыз, үстелге жақын отырыңыз» деп дөрекілік көрсетіп, «Тұмар» ансамблін қабылдамай, телефон қарап отыр. Содан басталды бәрі», – деді ол.