$ 494.84  537.4  5.58

«Құны – 3 млн теңге»: Отандық шоу-бизнестегі жігіттер әйелдеріне қандай сыйлық дайындап жатқанын айтты (ВИДЕО)

Қолымнан келгенше қуантуға тырысамын.

8-наурыз мерекесі қарсаңында өнерде жүрген жігіттер нәзік жандыларды қалай қуантатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Анашымның өзінің тапсырысы бар. Әйелім де не қалайтынын айтып қойды. Кішкентай қызым да не керек екенін жасырмады. Әйелім “жақсы бір фитнес клубқа сертификат сыйласаң” деді. Соны алып беретін шығармын. Оның бағасы – 600 мың теңге екен. Анашым алтын жиынтығын сұрады. Қазір сәнде болып жатқан жолбарыс стиліндегі сырға мен білезік. Қолымнан келгенше қуантуға тырысамын”, – деді Шерхан Пірназар. 

Одан кейін хит әндердің орындаушысы Нұрболат Қанай да әйеліне ең қымбат сыйлық сыйлайтынын жасырмады. 

“Өте керемет дүние сыйлаймын. Не екенін айтпай-ақ қояйын. Бағасы қызық болса айтайын, құны – 3 миллион теңге. Бергенде көресіздер”, – деді Нұрболат. 

Әлеуметтік желіде түрлі контент жасап, қызу талқыға түсетін блогер Нұрдәулет Бектұрсын да анасынан бөлек, қарындастарын да назардан тыс қалдырмайтынын айтты. 

“Анама үнемі шетелге жолдама сыйлаушы едім. Қарындастарым да өсіп келе жатқасын талғамдары өзгерген. Соңғы үлгідегі телефоннан бастап, бренд әшекей бұйым сұрайды”, – деді блогер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары