Бұл тура зираттағы тас сияқты.
Танымал әнші Say Mo тамақтану орындарының бірінде дастарханның басында орналасқан ауызашарда оқылатын дұғаны зират басындағы таспен салыстырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желідегі сторисіне жариялаған видеода әнші сүренің орнын көрсетіп: «Кешіріңіздер, әрине, бірақ бұл тура зираттағы тас сияқты» деген жазба қалдырған.
Алайда әншінің бұл әрекетін кейбір жанкүйерлері әзіл ретінде қабылдаса, басқалары оны орынсыз деп санап, сынға алды.