10.03.2025, 17:30

«Тұқым негізі қыздан тарайды»: Жанар Айжанова немере мен жиен ұғымы туралы пікір білдірді (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Немеренің екі атасы, екі әжесі болады: нағашы атасы мен нағашы әжесі және өз атасы мен әжесі.

Танымал әнші, актриса Жанар Айжанова Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында немере мен жиен түсініктеріне қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қыздан туған бала немере емес дейді. Ол қалай сонда? Қыздан туған бала немере болмайды дегенге келіспеймін. Немеренің екі атасы, екі әжесі болады: нағашы атасы мен нағашы әжесі және өз атасы мен әжесі. Қалған нағашыларына жиен болады. Бірақ тұқым негізі қыздан тарайды. Ол өзінің туған атасы мен әжесімен қатарласып, құрдасындай ойнап өсуі керек. Ал нағашы атасы мен әжесімен олай еркін ойнай алмайды», – деді ол.