11.03.2025, 14:00

«Міне, Эйфель мұнарасы»: Айқын Жұлдыз Өмірғалиді туған күнінде Парижге алып барды (ВИДЕО)

Фото: : instagram.com/aikyn

Жұлдыз Өмірғали бұл қалаға алғаш келгенін жасырмады.

Қазақстан шоу-бизнесіндегі танымал жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали романтикалық саяхатқа аттанды. Әнші Жұлдыз Өмірғали Instagram желісінде Парижде түскен суреттері мен видеоларын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айқын Парижге сапарын жұбайы Жұлдыздың туған күніне орайластырған.

"Біз жететін жерімізге жеттік, бұл қай десеңіз – бұл міне, Эйфель мұнарасы, жаным. Туған күнің құтты болсын. Қандай үлкен, алыстан қарасаң кішкентай сияқты. Бұйырса ертең екінші қабатындағы мейрамханасына барамыз", - деп атақты мұнараны көрсетті Айқын Төлепберген.

Жұлдыз Өмірғали бұл қалаға алғаш келгенін жасырмады.

"Күнім, алтыным, бәріне рақмет", - деді Жұлдыз Айқынға.