$ 495.28  538.32  5.77

«Әр қазақтың үлесі бар»: 30 мың теңгеге курс сатқан блогер 800 млн-нің үйін сатып алған (ВИДЕО)

Үйдің ішінде лифті бар.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков су жаңа зәулім үйін көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, желі жұлдызы құны 300 миллион теңге тұратын пәтерін ұтысқа тігіп, атыраулық келіншекке сыйлаған еді. 

“Жаңа қоныс. Бәріңізге жұғысты болсын”, – деп жазды блогер. 

Көп ұзамай желі белсендісі достарын қонаққа шақырып, рум-тур жасады. 

“Дархан мен Даридың үйіне қонаққа келіп жатырмыз. Үйдің ішінде лифт бар. Бірінші қабаттан лифтімен екінші қабатқа көтерілуге болады. Мұндай үйді бірінші рет көріп тұрмыз”, – деді блогер Разюша.

Желі қолданушылары блогердің зәулім үйін қызу талқылап жатыр. 

“Үйдің бағасы – 800 миллион теңге екен”, “Лифт қоя салу Дархан үшін сәнге айналды”, “Бір-бірлеріңді таппай адасып қаласыңдар”, “Бәріміз 30 мың теңгеге курсын сатып алдық”, “Әр қазақтың үлесі бар”, “Қызына үй мен көлік берді. Құдай бұған да еселеп берген шығар”, – деп жазды көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#блогер #лифті