17.03.2025, 04:30

«Дос болып қаламыз»: «Ирина Кайратовна» тобының экс-продюсері ажырасып кеткенін айтты

Фото: әлеуметтік желі

Қуаныш Бейсеков 2023-жылдың көктемінде танымал актриса Ғазиза-Таңшолпан Тлеубаймен шаңырақ құрған еді. 

"ИК" тобының экс-продюсері, режиссер, "Дәстүр" фильмнің авторы Қуаныш Бейсеков жеке өміріне қатысты жаңалығын жария етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Ғазиза екеуміздің жаңалығымыз бар. Біз бұдан былай некеде емеспіз. Бірақ жақсы дос, қызымыздың ата-анасы болып қала береміз", деді ол желідегі парақшасында. 

Айта кетейік, Қуаныш Бейсеков 2023-жылдың көктемінде танымал актриса Ғазиза-Таңшолпан Тлеубаймен шаңырақ құрған еді.