17.03.2025, 17:00

«Төбе шашыңыз тік тұрады»: Мақпал Жүнісова жеке өмірі туралы шындықты айтты

Фото: Видеодан алынған кадр

Өнер иесіне желі қолданушысы "Күйеуге тимегенде тағдырыңыз басқаша болар еді?!" деген сұрақ қойды.

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова оқырмандарымен сырласып, олардың бірнеше қойған сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесіне желі қолданушысы "Күйеуге тимегенде тағдырыңыз басқаша болар еді?!" деген сұрақ қойды. Халық әртісі шынайы жауап қатты. 

“Бар шындықты айтсам, төбе шашыңыз тік тұрады. Дәл осындай азаматқа күйеуге шығу арман болмады. Өзі жоқ болғасын көп ашық айта алмаймын. Өйткені марқұм халыққа көп көмегі тиген еді”, – деп жазды әнші.