$ 502.83  545.37  5.95

Динара Сәтжанға танымал дизайнер қалыңдық көйлегін тігіп жатыр (ВИДЕО)

Бұл туралы дизайнер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтып, видео жариялады.

Фото: @dinarasatzhan
Фото: @dinarasatzhan

Танымал қазақстандық дизайнер Наиль Байкучуковке тележүргізуші Динара Сәтжанға той көйлегін тігіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы дизайнер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтып, видео жариялады.

«Динара Сатжан Ыстамбұлға бір-екі күнге ғана ұшып келді. Әрине, біз кездесіп, жылы қауыштық. Келесі күні кофе ішуге шыққанымызда ол маған той көйлегі керек екенін айтты. Мен қатты қуанып, шабыттана түстім. Динара менің музам болғандықтан, жұмысқа бірден кірістім», – деді Байкучуков.

Алайда, Байкучуковтің айтуынша, Түркияда наразылық акциялары басталып, көйлекті алдын ала киіп көруге мүмкіндік болмаған. 

Естеріңізге сала кетсек, дәл осы күндері тележүргізуші Стамбул қаласында анасымен бірге жүргенін instagram парақшасында жариялаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 6
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары