$ 504.44  545.65  5.95

«Ақшадан абырой, доллардан дәстүр қымбат»: Танымал журналист тұсау кесумен айналысып жүр

Желі қолданушыларын болса журналисттің тұсау кескені үшін қанша қаражат алғаны қызықтырды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде жақсы жаңалығын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Османның ата-анасы ұлының тұсауын кестіру үшін 1300 шақырымды артқа тастап, арнайы Астанадан келді. Талай қаймақты тұлғалардың арасынан ерлі-зайыпты мені таңдаған екен. Бұл үлкен жауапкершілік. Қасиетті Рамазан айында тұсауы кесілген Османның қадамы құтты болсын», - деді журналист.

Желі қолданушыларын болса журналисттің тұсау кескені үшін қанша қаражат алғаны қызықтырды.

«Осман оза шапса ата-анасынан, ал бұзық болса менен деп біліңіздер. Айтпақшы тұсауды тегін кесем, әйтпесе ата-аналардың бірінші қоятын сұрағы осы. Ақшадан абырой, доллардан дәстүр қымбат», - деді Руслан Өтепбай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 18
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары