$ 518.31  567.96  6.03

«Бұдан былай қайын жұртымның атағын шығарамын»: Динара Сәтжан күйеуінің тегіне өтетінін айтты

"Мен мұны Жұмабекпен кездескенге дейін шешкенмін".

Фото: instagram.com/dinarasatzhan
Фото: instagram.com/dinarasatzhan

Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан ресми түрде некесін қидырып, отбасын құрған болатын. Бүгінде тележүргізуші күйеуінің тегіне өтуді жоспарлап жүргенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әсел Ауылбекованың ютуб-каналына берген сұхбатында Сәтжан тегі үшін осыған дейін біраз жұмыстанғанын айтты. 

«Мен мұны Жұмабекпен кездескенге дейін шешкенмін. Мен ұзақ уақыт бойы жалғыз болдым. Өзімнен «Мен неге жалғызбын?» деп сұрадым. Менің бар назарым «Динара Сәтжан» деген брендті дамытуда болыпты. Бірде анама «Тұрмысқа шыққанда күйеуімнің тегін аламын» дедім. Себебі мен Сәтжановтар үшін бәрін істеген сияқтымын. Енді қайын жұртыма барып, сол әулеттің атын шығарамын», - деді ол.

Тележүргізушінің айтуынша өмір тек карьерадан тұрмайды. Әйел адам отбасын құру үшін өз әулетінен кетуі керек.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 39
Ұнамайды 10
Күлкілі 16
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары