$ 518.31  567.96  6.03

Динара Сәтжан 10 баласы бар кәсіпкердің тоқалы: Тележүргізуші өзі жауап берді

«10 емес 15».

Фото: instagram.com/dinarasatzhan
Фото: instagram.com/dinarasatzhan

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан әлеуметтік желідегі видеолардың бірінде өзіне қатысты ақпаратқа қалжыңмен жауап беріп,  15 баласы бар ер адамға тұрмысқа шыққанын жазған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Azattyq Rýhy мәліметінше, тележүргізуші Instagram желісінде таралған Reels-тардың бірінде өзіне қатысты видеоға пікір білдірді.

«Динара 10 баласы бар еркектің тоқалы болды», – деп жазылған видеода.

Алайда тележүргізуші видео авторының қате жазғанын айтып, дұрыс нұсқасын жазды.

«10 емес 15», – деп Динара Сәтжан қысқа қайырды.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын тележүргізуші Жұмабек Жанықұловқа тұрмысқа шығып, күйеуінің тегін алғаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 18
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары