07.04.2025, 04:30

Димаш Құдайбергенге 87 жастағы кейуана ерекше сый жасады

Фото: Видеодан алынған кадр

Димаш Құдайберген бүгін ақ тілеулі анамен арнайы кездесіп, өзіне арнаған шашақты алды.

Маңғыстаулық 87 жастағы қолөнер шебері Шархат Төлемісова Димаш Құдайбергенге арнап жасаған шашағын табыстау үшін «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» мерекелік шарасының ашылу салтанатына арнайы келіп, 2 күн бойы қатысқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

90 жасқа таяған кейуана Қазақстанның жарық жұлдызы Димашқа арнап шашақ жасап, оны өз қолымен табыстағысы келетінін айтқан еді. 

– Димаш Ақтауға келеді дегенді естіген соң, «неге бір тал шашақ байламасқа?» деп ойладым. Сондықтан кездесіп, домбырасына өз қолыммен тағуды жөн санадым, - деді қарт ана.

Димаш Құдайберген бүгін ақ тілеулі анамен арнайы кездесіп, өзіне арнаған шашақты алды.