07.04.2025, 06:30

«Барында бағалаңыздар»: Қайрат Нұртастың әкесі тыңдармандарын жылатты (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Видеода Нұртас мырзаның жары — продюсер Гүлзира Айдарбекова да көрінеді.

Қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков Instagram парақшасында әсерлі бейнежазба жариялап, көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеода Нұртас мырзаның жары — продюсер Гүлзира Айдарбекова да көрінеді. Жастық шағын еске алған ол гитарамен ән шырқап, бұл жолы ата-анасына арналған мұңды туындыны орындады.

«Бүгін әке-шешем есіме түсіп, ішкі сезімімді ән арқылы жеткізгім келді. Жандары жәннатта болсын. Ата-аналарыңыз тірі болса — қадірлей біліңіздер, жастар!» – деп жазды Нұртас Айдарбеков.

Желі қолданушылары бұл шынайы сәтке бей-жай қарамады. Көпшілігі жүректері елжіреп, көзіне жас алғандарын ашық жазды.