07.04.2025, 12:40

«Тізерлеп келетін»: Әнші Say Mo Шәріп Серіктен көрген қорлығын жария етті

Фото: жеке парақшасынан алынды

"Мен әкесіз өстім".

Танымал әнші Say Mo экс күйеуі Шәріп Серіктен жәбір көргенін әлеуметтік желідегі оқырмандарымен бөлісті,-деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Әлия Бутеева есімді бойжеткен актер Шәріп Серіктің өзіне қол көтергенін мәлімдеген еді. Кино жұлдызының бұрынғы жұбайы Say Mo да актерден талай рет таяқ жегенін жарыса жазды. 

“Қазір менде ешқандай да дәлел жоқ. Бұрын анама жіберген, денемнің көгерген суреттерін өшіріп тастағанмын. Әр жанжалдан кейін ол кешірім сұрайтын. Актер сияқты "тізерлеп" келетін. Күйеуінен абьюзивті қарым-қатынас көрмеген адам жәбірленушінің әрекетін ешқашан түсінбейді. Неге шыдадың?, - деп сұрайсыздар ма? Білмеймін. Мен әкесіз өстім. Ер адамның әйелге қалай қарым-қатынас жасау керегін білмеймін. Өйткені бала күнімде ондай үлгіні көрмедім. Анам көп жұмыс істеді, мен еркекше өстім. Бір күні кең көлемде сұхбат беріп, бәрін айтып берем," – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін, актердің өзі бұрынғы сүйіктісі Әлия Бутееваға қол көтергенін мойындап, кешірім сұрады.

“Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын. Мен оған лифтте дөрекі іс-әрекет жасадым. Өзімді ақтай алмаймын. Істеген әрекетім үшін заң алдында жауап беруге дайынмын. Әлияның өзінен және ата-анасынан кешірім сұраймын. Мен оның бетінен ұрып жібердім. Менің қатемді қайталамаңыздар! Әйелге қол көтермеңіздер!”, – деген еді актер. 

Ал сот актерді кінәлі деп тауып, 5 тәулікке қамауға алды.