Желі қолданушылары Қайрат Нұртастың екі қызының төстері ашық тұрғанын тәрбиесіздікке балап, қатаң сынауда.
Қайрат Нұртас отбасымен шетелге демалысқа барып, елдің талқысына қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әншінің демалыста балаларымен түскен суреті желідегі фан парақшаларында тарап кетті. Суреттен өнер иесінің қыздарының суға түсуге арналған киімдері ашық екенін байқауда.
Желі қолданушылары Қайрат Нұртастың екі қызының төстері ашық тұрғанын тәрбиесіздікке балап, қатаң сынауда.
«Емшектерін көрсетіп, әкелерімен суға түскені ұят екен. Мұсылмандық тәрбие қайда?», «Туған қыздарымен суға түсіп жүр. Ұят жоқ», «Қыз балалары жабық киім кигені дұрысырақ болар еді. Қазір бәріне ыңғайлы киімдер бар ғой. Әкесі мен ер балалар жүрген соң», «Қыз бала әкесінің алдында төсін көрсетпейді, әкесі қыздарының алдында іш киіммен жүрмейді, ұят болады», «Қыздар төсін жапса дұрыс болатын еді», — деп жазды олар.