08.04.2025, 11:40

Сәкен Майғазиевтың ұлы желіде сүйіктісімен көзге түсті (ФОТО)

Фото: Tiktok/adiyamaulen

"Жарасымды жұп".

25 жасар Әділет Майғазиевтың сүйіктісімен бірге түскен фотолары желіде тарады. Сүйіктісі Tiktok әлеуметтік желісінде өз парақшасында бөліскен, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сәкен Майғазиевтың болашақ келіні 2005 жылғы, Ақтаулық Адия есімді ару. Осыдан бірнеше уақыт бұрын өнер иесінің өзі де ұлының үйленгісі келіп жүргенін айтқан еді. 

"Алла жазса, ұлым әке болуға дайын сияқты. "Әумин" деген баршамызға иманды, саналы, білімді, қазақ халқына пайдасы тиетін өнертапқыштардан болған, іскер, салиқалы ұрпақтар нәсіп ете гөр", – деп жазды әнші. 

Бойжеткен:

"Енді суреттерді емін-еркін сала беруіме болады", - дейді.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, екі жасқа бақыт тіледі. 

“Қайын атадан жолы болайын деп тұр”, “Хиджаб тағатын қыз екен”, “Сәкенге тездетіп немере сүйгізсін”, “Қандай жарасымды жұп”, “Жігіт болған соң қызбен сөйлеседі”, «Өте әдемі қыз екен», – деп жазды көпшілік.