$ 523.2  594.3  6.38

«Нағыз палуан екен»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жұртты таңқалдырды (ВИДЕО)

Желіде тараған видеоны news.qaz парақшасы жариялады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова отбасылық құрбысы Қарақат Әбілдинаның туған күнінде ерекше қырымен көзге түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әлеуметтік желіде таралған видеодан туған күн кешіне жиналған әйелдердің бірімен қол күрестіріп, оны оп-оңай жеңіп кеткенін көруге болады.

Көпшілік блогердің бұл қабілетіне таңқалып, ду қол шапалақтап, қошемет көрсеткен.

Сонымен қатар, оқырмандар да түрлі пікір қалдырып, көпшілігі таңқалысын жасырмаған. 

"Нағыз палуан екен ғой", "Біз білмейтін өнері көп сияқты ғой", "Тұрсынбектің әйелі мықты екен" сынды пікірлер қалдырған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 20
Ұнамайды 2
Күлкілі 8
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары